«Алтын Орда» кәсіпкерлеріне қысым: Қырғыз билігі Қазақстанға нота жолдады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Нотаға себеп болған Қырғыз Республикасының азаматтары – кәсіпкерлерден түскен ұжымдық өтініш, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Қырғызстанның СІМ осы аптада ел парламентінде Алматыдағы "Алтын Орда" базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлер туралы мәселе көтерілгенін хабарлады.

«Қырғыз Республикасының азаматтары - кәсіпкерлер өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды сұрады. Ұжымдық өтінішке тиісті деңгейде ден қою шаралары қабылданып жатыр. Тиісті өтініш (нота) ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігіне және Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөліміне жолданды. Алдағы күндері «Алтын Орда» сауда кешенінің басшылығымен кездесу жоспарланып отыр» делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін сот «Алтын Орда» базарының бұрынғы атқарушы директорына үкім шығарған болатын. Қырғызстаннан келген кәсіпкер Ермек Марқабаевқа аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтады және тасымалдады деген (ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі) айыптаған болатын.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың жазында «Алматы-Бішкек» автожолында полиция Марқабаевтың көлігін тоқтатып, жолаушылар отыратын жағын тексерген. Жеке тінту барысында оның ішінде ұнтақ заты бар байлам табылып, тәркіленді деген болжам бар. Соттың мәліметінше, сараптама бұл психотропты заттты – салмағы 1,796 грамм мефедрон екенін көрсетті.

«Алтын Орда» базары шулы, даулы істерімен белгілі. Екі мыңыншы жылдардың басынан бастап қылмыстар, жанжалдар көп болған. Кейін оны тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев иеленгенін де БАҚ жарыса жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар