Алтын белгі иегерлері көбейгендіктен, оларды қайта тексереді

cover

Қазақстанда «алтын белгі» иегерлерінің саны біршама артқандықтан, олардың жұмыстары қайта тексеріледі. Қазір бақылау шаралары қолға алынды, деп қалалық білім беру басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жылқыбаева қашықтан оқыту кезінде үздік оқушылардың көбейгенін айтты.

– Иә, «Алтын белгi» иегерлерінің саны өсіп отыр. Бірақ ондай жағдай Алматыда ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша байқалып отыр. Мәселен, былтыр Алматы қаласында мектепті үздік бітірген 528 оқушы болса, биыл 624 бала алтын белгі иегері атанып отыр. Алайда бір нәрсені ескеру керек, 2020 жылы түлектердің жалпы саны 7 мың адам болса, биыл 11 мың оқушы мектепті тәмамдап отыр. Проценттік арасалмақта қарасақ, керісінше, үздіктердің саны төмендеген. Дегенмен, бір қала үшін 624 «Алтын белгi» тым көп, - деді басқарма төрайымы.

Ләззат ханымның айтуынша, қазір бақылау шаралары ұйымдастырылып жатыр. Барлық жұмыстар қайта тексеріледі. Сондай-ақ, мектеп директорларымен медальді беру мәселесі пысықталады.

Осы жылы «Алтын белгіге» үміткерлердің барлығы ҰБТ-да өздерін ақтап шыққан.

30 маусымда ҰБТ аяқталғаннан кейін «Алтын белгі» иегерлерінің нәтижесі қайта тексеріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар