Алматының жаңа әкімі қаланың жыл сайын тозбай жатып ауыстырылатын жолы мен бардюрлерін өз көзімен көрді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды Алматы халқы айта-айта жалыққан бордюрлар мен асфальт тозбай жатып ауыстырылатынын өз көзімен көріп, наразы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның пікірінше, асфальтты жөндеп, жиектерді ауыстыру тек тозығы жеткен жағдайда ғана қажет. Әкім осы ойын жауапты мамандарға жеткізді.
Құрылысшылармен әңгімелескенненн кейін Сатыбалды президент резиденциясы тұрған жерді (ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жарылған) көрді. Еске салайық, бұл жерге салынады деген саябақтың құрылысы ұзаққа созылып кетті.
Қазір болашақ саябақта тоған, ұңғымалар бұрғылап, инженерлік желілер салынуда.
Әкім сондай-ақ Әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді де қарап шықты. Мұндағы қайта құру жұмыстары 60 пайызға орындалған. Жоба ЖСҚ-ны түзету және жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жолдарын бөлу үшін тоқтатылды. Сатыбалды қалған жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында жаңа жайлы мектеп ашылуы тиіс. Барлық жұмыстар соңғы аяқталу кезеңіне тақаған.
Бір күн бұрын Алматы әкімі қаладағы салынып жатқан нысандары аралады. Құрылыс барысымен танысқан Дархан Сатыбалдының атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмады.

Дархан Сатыбалды бір күн бұрын Алматыда мектептер, балабақшалар мен жолдардың құрылысын кешеуілдетіп жатқан жауапты мекемелерге қатаң сын айтты. Қаланың жаңа әкімі жұмысты дереу аяқтауды талап етіп, бұлай жалғаса берсе, мердігерлерді ауыстыратынын ескертті.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды