Алматылықтар жаппай хабарлама алды

cover Фото: pixabay

Оңтүстік астана тұрғындары ұялы телефондарына дабыл хабарламасын ала бастады.

Азаматтардан үрейленбеу сұралды.

Android иелерінің экранында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі хабарламалар «Президенттік ескерту» айдарымен шықты.

«Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде»


Бір апта бұрын әкімдік төтенше жағдайлар туралы жаппай хабарлаудың жаңа жүйесі - Mass Alert 31 мамырда сынақтан өтетінін ескерткен болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар