Алматылықтар мен қала қонақтары кезекті дрон-шоуын тамашалайды

cover Фото: AlmatyJoly

7 және 8 маусым күндері оңтүстік астанада заманауи этникалық музыканың жыл сайынғы The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Іс-шара ашық аспан аясында өтеді. Фестивальге Қазақстан, Италия, Колумбия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген әртістер қатысады.

Музыкалық бағдарламадан бөлек, қонақтар үшін қолөнер жәрмеңкесі, әлем елдерінің тағамдары ұсынылатын фудкорт және қазақтың ұлттық ойындары ойналатын аймақ қарастырылған. Музыкалық мереке тарихта алғаш рет дрон-шоумен аяқталады.

Фестиваль өткізілуіне байланысты 8 маусым күні сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін Абай даңғылында (Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін), сондай-ақ Достық даңғылында (Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін) автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Алматылықтар мен қала қонақтарынан алдын ала қозғалыс бағыттарын жоспарлауды сұралады.

Бұған дейін «Орда» Алматыда жеңістің 80 жылдығына арналған дрондардың жарық шоуы қалай өткенін жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар