Алматылықтар қорыққан кептеліс болмайды: әкімдік газ құбырын жөндеуді кейінге қалдырды
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы. Фото: Игорь Улитин/Orda.kz
1974 жылы пайдалануға берілген Әл-Фараби даңғылындағы жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жөндеу жұмыстары осы жазда Луганский мен Армян көшелерінен бастап Esentai Mall тұрақ алаңына дейін, сондай-ақ Мендікұлов бауы бойында жүргізілуі тиіс болған. Алайда ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жоспарланған мерзім кешеуілдеді.
Қала әкімінің тапсырмасымен жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды. Бұл шешім жаңа оқу жылының басталуына байланысты жол қозғалысының шектелуінен туындауы мүмкін кептелістер мен жақын маңдағы мектептер мен балабақшалар үшін қолайсыздықтарды болдырмау мақсатында қабылданды.
Газ құбырына 51 жыл болды, ол орташа қысымды санатқа жатады және міндетті түрде жаңартуды қажет етеді.
«Жөндеу жұмыстары 2026 жылдың жазына ауыстырылды, бұл кезеңде жолдардағы жүктеме азаяды», деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін, шілде айында, Медеу ауданында Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы бойынша қозғалыс екі айға ішінара шектелетіні туралы тұрғындарға ескерту жасалған еді. Енді бұл шектеулер кейінге шегерілді.
Бұған дейін Алматының Медеу ауданындағы тас төсемдерді ауыстыру төңірегіндегі өршіген жанжал туралы жаздық. Қоғам белсендісі Санжар Боқаев аудан әкімі қалаға мүлдем қажет емес жөндеу жұмыстарына жүздеген миллион теңге бөліп, халықты алдағанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды