Алматылық полицейлердің ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар

cover

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және 247 млн теңгеге айыппұлдарды заңсыз есептен шығарды деп күдіктелуде.

Бұл туралы Orda.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Үш полиция қызметкері қылмыстық топтың мүшелері болып шықты.

– Сотқа дейінгі тергеу барысында Джапаров, Нашарбеков және Амансупиев ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болғаны анықталды, - деп хабарлады Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Полиция қызметкерлері 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды. Азаматтардың жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты туындайтын әкімшілік айыппұлдарды заңсыз есептен беріп отырды.

– Олар өздерінің заңсыз әрекеттерімен мемлекетке 247 млн зиян келтірді, - деп толықтырды бөлім.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар