Алматыдағы жекеменшік мектептің мұғалімдері мен ата-аналар президенттен көмек сұрады
Коллаж: Orda.kz
Алматыдағы «Арай» жекеменшік мектебінің мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналары мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдады. Бір топ адам мектепті босату мәселесіне байланысты президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Шағымданушылардың айтуынша, оқу орнына құзырлы органдардың қызметкерлері келіп, ғимаратты босатуды талап еткен. Алайда мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және оқушылардың ата-аналары бұл шешімнің заңсыз екенін алға тартады. Олардың айтуынша, сот бұл шешімді мектеп өкілдерінің қатысуынсыз қабылдаған.
Өз үндеуінде олар мектепті 2025–2026 оқу жылының соңына дейін қазіргі ғимаратта қалдыруды сұрайды.
«2023 жылдан бері осы мәселемен бас ауыртып келеміз. Сол кездегі қала әкімі Досаев барлық жекеменшік мектептерді босату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, хабарлама 10 күнде жіберіліп, бізге ғимаратты босату туралы ескертті. Бірақ бұл мүмкін емес. Сосын мемлекеттік активтер басқармасы бізді сотқа берді. Бұл туралы біз білмедік. Заңгеріміз айтты. Соттан хабарландыру да алмадық. 2 жылдан бері әділ сот үшін күресіп келеміз», - дейді мектеп директоры Мира Жексенбаева.
Сот өкілдері шешімнің орындалуын кейінге қалдырғысы келмеді. Ғимарат маңына полиция қаптады.
Еске салайық, бүгін, 5 тамыз Бостандық ауданы Ерменсай шағын ауданындағы «Жаңару» кооперативінде заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй бұзылды. Бұған ғимараттың иесі өзін өртеп қарсылық көрсетіп, қорқытпақ болды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты