Алматыдағы Сақ мәдениет орталығы мұражайын салуға шамамен 5 миллиард теңге жұмсалады

cover Сурет ашық дереккөзден

Алматыдағы сақ мәдениет орталығы мұражайын салуға шамамен 5 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды Orda.kz   тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасы:

·         Тапсырыс беруші – «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» КММ; 

·         Атауы – тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу (құрылысы) бойынша жұмыстар; 

·         Қосымша сипаттама – «Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Шаңырақ-1» ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесі, № 227 үй, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағы базасында «Сақ мәдениеті орталығы» мұражайының құрылысы» (сыртқы инженерлік коммуникация желілерінсіз). 

·         Жоспарланған қаржы 4 946 518 417,01 теңге.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 1 желтоқсан мен 16 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар