«Алматыдағы ресейлік кәсіпкердің сұмдық өлімі»: Хасан қылмыстық тобының мүшесі 17 жылдан соң қолға түсті

cover Фото: Envato

Адам өлтіріп, қаруды заңсыз сақтағаны үшін 17 жыл бойы халықаралық іздеуде болған азамат Литвадан экстрадицияланды. Оның атышулы «Хасан ата» мафиясының мүшесі екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Іздеуде жүрген күдікті биыл тамыз айында ұсталған. Ол шекарадан басқа адамның атымен өтпек болған. Бас прокуратура мәліметінше, ол Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.

«2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге заңсыз пайда табу мақсатында Алматыға келген. Олар қылмыстық топтың өзге мүшелерімен арада жанжал туғызып, оқиға қантөгіспен аяқталған. 2008 жылдың 19 мамырында олар бір ер адамды атып өлтірген. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды», — деді прокурорлар.

Қылмыскердің бірі сол кезде ұсталып, екіншісі қашып үлгерген. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Ол 17 жыл бойы Еуропада жалған есіммен жасырынып жүрген.

Orda.kz экстрадицияланған адамның Мусса Шатоевты кісі өлімі бойынша резонанс тудырған істің фигуранты екенін анықтады. Ол Ресейлік кәсіпкерді Алматының дәл ортасында атып кеткен. Фурманов көшесіндегі (қазіргі Назарбаев даңғылы) үйдің ауласында киллерлер оны күтіп отырған.

Басты күдікті екі айдан соң анықталды. Ол Қапшағайдағы түнгі клубқа келген адамды өлтіріп, бес полицейді жарақаттаған. Олардың бірі көз жұмған.

Сонымен қатар, Мусса Шатоевты ату Хасан ата (шын аты – Аслан Усаян) басқаратын қылмыстық топтың тапсырысы болуы мүмкін. Ұсталған азамат жауап алу кезінде мұны мойындаған.

«Хабибке сыйлық жасадым (Хасанның оң қолы)», — деді ол. 

Кейінірек тергеушілерге өзін Хабиб деп таныстырған адам қоңырау шалып киллерді босату үшін сұраған қаражатты беретінін айтқан.

Айта кетейік, Атырау облысында анасы мен баласы бұрынғы күйеу баласын өлтіргені үшін 15 жылға сотталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар