Алматыдағы лай көшкіні: бір адамның мәйіті табылды

cover

Алматыда лай көшкіні болған жерден қаза тапқан ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Алматыдағы  лай көшкіні болған жерде жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді» делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Еске салайық, 8 ақпанда сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал ықшамауданында лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй бүлінді. Алдын ала ақпарат бойынша, үйдің ішінде төрт адам болған, екеуі – бала. Құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр. 
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар