Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы Аймақтық көпсалалы кеңсеге айналды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО мандатының барлық бағыттары бойынша Қазақстан мұрасын қорғау бойынша өткен жылдың қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
«2023 жылы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қызметі жандана түсті. Атап айтқанда, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы Ұйымның Аймақтық көпсалалы кеңсесіне айналып, аймақтағы 7 мемлекетті – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Иранды қамтиды. Парижде еліміздің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылды. ЮНЕСКО-ның клубтық қозғалысы аясында Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Дүниежүзілік федерациясының президенті болып сайланды» деп жазды Ерлан Қарин.
Ол өтіп бара жатқан жылдың маңызды жетістігінің бірі ретінде Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетіне сайланғанын атап өтіп, онда біздің еліміз өтінімдерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Алтын-Емел ұлттық саябағы мен Барсакелмес қорығы «Тұранның суық қысқы шөлдері» трансұлттық номинациясының аясында Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген. ЮНЕСКО-ның 2024–2025 жылдарға арналған еске алу даталары күнтізбесіне жазушы Б.Соқпақбаевтың, композитор Н.Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуы, Махмұд әл-Қашғаридің «Дивани лұғат ат-түрк», сондай-ақ түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын мерекелеуге бірлескен өтінім енгізілді. Қазақстанның бастамасымен 20 мамырды Дүниежүзілік метрология күні деп жариялау туралы қаулы бекітілді»
Сондай-ақ ол 2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ЮНЕСКО-ның Бас директоры О.Азуленің Қазақстанға сапарына да тоқталды.
«Осы сапары барысында О.Азуле Астанадан бөлек Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша атқарып жатқан шаралары туралы ақпаратпен танысты» деп жазды Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында.
Мемлекеттік кеңесші сондай-ақ Ұлттық комиссия 2024 жылы ЮНЕСКО мандатындағы барлық салаларда – білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникациялар бойынша Қазақстан мұрасын қорғау мәселелерімен белсенді айналысуды жалғастыратынын атап өтті.
Жаңалықтар
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген