Алматыдағы футбол алаңы Реал Мадридті қабылдауға дайын — Туризм және спорт министрі

cover Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматының орталық стадионы қазақстандық «Қайрат» пен Испанияның «Реал Мадрид» клубтары арасындағы футбол матчын өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

26 тамыз күні «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Көп өтпей алматылық команданың «Реал Мадридпен» ойнайтыны белгілі болды. Испаниялық команда Қазақстанға келеді.

Мырзабосыновтың айтуынша, Алматы қаласы «Реал Мадрид» футбол клубын қабылдауға дайын. 

«Матчқа ең мықты команда – «Реал Мадрид» келмек. Бұл шынымен де тарихи спорттық туризм болғалы тұр. Осы уақытқа дейін өткізілген іс-шаралардан біз дайын екенімізді көрдік. Инфрақұрылымымыз осындай көлемдегі іс-шараларды өткізуге сақадай сай», — деді министр. 

Ербол Мырзабосынов Алматыдағы стадион УЕФА талаптарына сай келетінін және төртінші санатқа жататынын атап өтті.

Айта кетейік, 31 тамызда Қайрат пен Реал матчына билет сатылды деген сыбысты футбол клубы жоққа шығарды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар