Алматыдағы балалар үйінен қашқан 2 қыздың жағдайы белгілі болды
Фото: Lider.kz
Бағанашылдағы №1 балалар үйінен қашқан 2 қыз табылды. Жасөспірімдердің не үшін қашып кеткені әлі белгісіз, деп хабарлайды Orda.kz.
16 жастағы Кристина Белгородская және 14 жастағы Маргарита Черепанова 18 шілде күні таңертең балалар үйінен қашып кеткен. Қыздарды Алматы қаласының криминалдық полицейлері Алматы облысынан іздеп тапты.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды» деп жазылған полицияның ресми мәліметінде.
Олар Бостандық ауданының полициясына жеткізілді. Қыздардың не үшін қашып кеткені анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімге балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсыласқан соң, әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Содан жазықсыз балалардың кейбіреуі жарақат алды. Ақыры Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?