Алматыда жол ережесін қасақана бұзған азамат қамауға алынды

cover

Алматыда жүргізуші қарсы бетке шыққаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция жүргізуші 24 жастағы Алматы облысының тұрғыны екенін анықтады.

Жүргізуші тек қарсы бетке шығып қана қоймай, бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Оның сақтандыру полисі жоқ, әйнектері күңгірттелген, тізілімнен шығарылған көлікті басқарғаны белгілі болды.

Қасақана жол ережесін бұзған жүргізушіге 155 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оны 5 күнге қамауға алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар