Алматыда жойқын соқтығыс болып, бес адам зардап шекті
Фото: Elements.envato.com
Апат кеше түнде Сайын даңғылында, Ұлықбек пен Абай көшелерінің аралығында болған. BMW 5 және Chevrolet Cobalt маркалы көліктері соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі жоғары жылдамдықпен қатар-қатар келе жатқан көліктерді басып озбақшы болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір сәтте ол басқаруды жоғалтып, жол бойындағы Chevrolet Cobalt-қа соғылып, жолдан шығып кетіп, одан бордюрға соғылып, артынша ағашқа тірелген. Соққы соншалықты күшті болғандықтан, машина жарылып кетті: қозғалтқыш, қорап және алдыңғы доңғалақтар жолдың үстіне шашылып жатты, ал сынықтардың бір бөлігі қарсы жолаққа ұшып түскен.
Екі жүргізушімен қоса BMW-нің үш жолаушысы да зардап шекті, барлығы 5 адам медициналық көмекке жүгінді.
Алматы полициясының хабарлауынша, апат түнгі 04:20 шамасында болған. BMW Сайын көшесі бойымен оңтүстікке қарай қозғалып бара жатқан кезде жол бойындағы Chevrolet-ті қағып, ағашқа соғылған. Жүргізушілердің жылдамдығы мен ішімдік ішкен-ішпегені тексеріледі.
Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз.
15 қазан күні Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Көліктердің бірін 13 жастағы бала басқарғаны белгілі болды.
15 шілдеде Алматының Боралдай көшесінде МАЗ маркалы кран, №10 маршруттағы автобус және бірнеше жеңіл көлік соғылып ірі жол апаты болды. 23 адам зардап шекті.
Жаңалықтар
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады