Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері үстемақы төлеу шартын өзгертуді талап етті
Кеше Алматыдағы 12 жедел жәрдем станциясының 50 шақты қызметкері індет кезінде дәрігерлерге үстемақы төлеу шартын өзгертуді талап етті.
Биылғы қаңтар айынан бастап Covid-пен ауырған науқастарға қызмет көрсеткен ақ халаттыларға үстемақы төлене бастады. Жедел жәрдем қызметкерлері осы мәселеге наразылықтарын білдірді.
2020 жылдың наурыз айынан, яғни індет басталған кезден оларға ешқандай шартсыз үстемақы төленіп отырған. Мамыр айында тек «себеппен» ғана төленді. Себеп дегеніміз - тек температура, тыныс алу қиындықтары бар пациенттерге барған дәрігерлерге ғана үстемақы төлеу шарты. Ол кезде 14 себеп көрсетілген. Желтоқсанда оны 5-ке қысқарқан. Енді ек қазір коронавирус диагнозы қойылған пациенттерге қызмет көрсеткен дәрігерлерге ғана төленетін болған.
«Мәселе біз шақырту түскенде адамдарда коронавирус бар-жоғын білмей барамыз. Сүйтіп өмірімізді қауіп-қатерге тігеміз. Біз тек адал еңбегіміздің ақысын алғымыз келеді. Басқа ештеңенің керегі жоқ», - дейді №7 станциян дәрігері Ғалымжан Хасенов.
Оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық бөлімшесінің директоры Тілеухан Әбілдаев келді. Оның айтуынша, ай сайын қала бойынша шамамен 58 мыңға тарта шақыру түссе, олардың тек шамамен 10 мыңы ғана коронавируспен байланысты болады. Ол «үстемақыны диагнозға қарай төлеуа механизмінің әділ екендігін айтты. Алматыда қаланың әр ауданында орналасқан 12 жедел жәрдем станциясы бар. Оларда шамамен 4 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
Қазақстанда осыған дейін де бірнеше қалада медицина қызметкерлері үстемақы ала алмай отырғанын айтып шағымданған болатын. Қазақстанда заң бойынша коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне үш категория бойынша үстемақы төленеді. Бірінші категорияға енген қызметкерлерге - 800 мың, екінші категорияға енгендерге - 400 мың, соңғы категорияға енген медицина қызметкерлеріне 200 мың теңгеден астам үстемақы төленеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық