Алматыда жаңа спорттық саябақ пайда болады

cover Фото: Алматы әкімдігі

Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында жаңа FLOW Park спорттық саябағының құрылысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жоба жекеменшік инвесторлар — «Kusto Home» және «Time Group Construction» компанияларының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі үш миллиард теңге болады. Әкімдіктің мәліметінше, барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен тартылып, бюджет қаржысы тартылмайды.

«Жаңа саябақ белсенді демалыс пен спортпен айналысуға арналған заманауи алаң болады. Оның аумағында веложолдар, жүгіру жолақтары, көше жаттығу құралдары, ойын және спорт алаңдары орналастырылады. Сондай-ақ демалыс пен қалпына келу аймақтары да жасақталады» деп жазылған хабарламада.


Сондай-ақ, бұл кеңістікті қолданыстағы табиғи ландшафтқа бейімдеп орналастыру жоспарлануда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар