Алматыда жалған дипломмен 18 жыл жұмыс істеген мұғалім жұмыстан босатылды
Фото: Письма Президенту
Алматы қаласының №116 мектебінде мұғалім 18 жыл бойы жалған педагогикалық дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Александра Сидельникова 18 жыл бойы №116 мектепте оқушыларға сабақ беріп, халық есебінен жалақы алып отырған. Тексеру барысында оның педагогикалық білімі жоқ екені белгілі болды.




Оқушыны балағаттап, әжетханаға жібермеді
Бұған дейін Александра Сидельникованың Orda тілшісіне оқушы қызға басқа оқушылардың көзінше ауыр сөз айтып, оны мектеп дәлізінде отырғызғаны белгілі болды. Қазір Сидельникова жұмыстан босатылды. Халықтың төлеген ақшасын қалай қайтаратыны әзірге шешілмеген.
Баланың анасының айтуынша, мұғалім әжетханаға жібермей, телефонын алып қойған және іс-шарада 300 баладан бөліп, дәлізге отырғызған. Бейкүнә баланың іс-шараға қатыспай, дәлізде отырғанын суретке түсіріп, ата-аналар тобына таратқан. Бұл жағдай қыздың анасын қатты ашуландырған. Сидельникованың әрекетінің себебі – қыз бала би дайындығына қатыса алмаған.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде аудан әкімдігі 100-ден аса қызметкерге жалақы төлемеді.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты