Алматыдағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты (видео)

cover Скриншот

Қайғылы оқиға 16 маусым шамамен кешкі сағат 18:00-да орын алған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Анықталғандай, құрылыс алаңы Розыбақиев-Қожанов көшелерінің қиылысында орналасқан.

– Алматы Қалалық Полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер кешені өткізіледі, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар