Алматыдағы құрылыс нысанында 19 жастағы жігіт мерт болды

cover

Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде 19 жастағы жұмысшы қайтыс болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға туралы Instagram желісінде net.zastroyke.almaty парақшасы жариялады.

– Алматыдағы «Алатау Инвест» құрылыс алаңында небәрі 19 жастағы жігіттің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймыз. Бұдан өткен тағы қандай сұмдық жағдай болуы керек еді, айтыңыздаршы? Неге тек мейрамханалар мен барларға ғана тексеріс жүргізіле береді? Сонда құрылыс нысандарының ерекшелігі жоқ па? Оларға неге тексеріс жүргізілмейді? Енді бір отбасы дардай азаматынан айрылды, - деп жазды автор.        

Алматы қалалық Полиция департаментінің айтуынша, жұмысшы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталған.  

– Бүгінгі күні сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады, - деді полиция.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар