Алматыда тағы жеті көшенің атауы өзгертіледі

cover Фото: kapital.kz

Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихаты Наурызбай өңіріндегі шағын аудандардағы бірнеше көшенің атауын өзгерту туралы бірлескен құжат дайындады, деп хабарлады Orda.kz.

Көшелерге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдері беріледі.

Атап айтқанда, олар:

Таужол ықшамауданында Щедрость көшесіне саясаткер Капитоли Крюкованың есімі беріледі.

Қалқаман-2 ықшам ауданында:

  • 5-ші көшеге саясаткер Сергей Дьяченконың есімі беріледі;
  • 7-ші көшеге аты аңызға айналған альпинист Валерий Хрищат есімі беріледі;
  • Проектируемый көшесіне композитор Базарбай Жұманиязов есімі беріледі.

Тастыбұлақ ықшам ауданындағы Айболит-2 көшесі Медеу трактісінде топырақ негізін ұстау құрылысын басқарған ғалым, инженер Алексей Хегайдың есімімен аталады.

Ақжар ықшам ауданындағы Карьерная көшесі ғалым және қоғам қайраткері Қилыбай Медеубековтің есімімен аталады.

Наурыз ықшам ауданындағы Интернциональная көшесі қоғам және мемлекет қайраткерінің құрметіне Саламат Мұқашев болып өзгертіледі.

Құжат 12 мамырға дейін ашық талқылау үшін Open NLA веб-сайтында орналастырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар