Алматыда рұқсаты бар азаматтардың қаруы тексеріліп жатыр
Фото: gov.kz
Алматыда полицейлер азаматтық қару ұстайтындарды тексеруді бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполисте аң аулауға, спортқа және өзін-өзі қорғауға арналған 42 мыңға жуық қару иесі бар. Тексерудің өзіне келетін болсақ, бұл жыл сайынғы рәсім. Ол қорғаныс құралдарын сақтау шарттарын бақылауға бағытталған. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазіргі уақытта 691 қару иесі тексерілді. 17-ден астам бұзушылық анықталды:
• дұрыс сақтамау;
• мерзімі өткен тіркеу;
• қайта тіркеу.
Азаматтық қаруды сақтау ережелерi бойынша иесi өз тұрғын үйiн металл сейфпен және сигнализация жүйесiмен жабдықтауға мiндеттi. Мылтық қапта болуы, ал патрондар - жеке, бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс. Бұл шаралар жазатайым оқиғалардың және қауіптілігі жоғары заттарға рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға арналған.
Жақында елімізде мектеп күзетшілеріне қару ұстауға рұқсат берілетін туралы жаздық. Бұл тексерістер Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың әр жерден әлі де табылып жатқандығыа қатысты болуы да мүмкін.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?