Алматыда Рамстор маңындағы жылу желісінде апат болды
Фото: Видеодан кадр
Алматы қаласында Назарбаев даңғылында жылу желісі жарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Алматы жылу желілері» АҚ төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылы бойындағы жылу желісіндегі құбырға зақым келген. Салдарынан құбыр жарылып, қатты буланған.
Бұл жағдайға құбырдың тозуы себеп болған. Ол 1984 жылы қолданысқа еніп, бүгінге дейін қызмет еткен. Осыған байланысты Сәтбаев-Достық, Тайманов көшелері мен Самал-1, 2, 3 шағын аудандарындағы тұтынушыларға жылу келмейді.
«Жылуды қалпына келтіру 24 желтоқсан күні сағат 01:00-ге дейін орындалады», деп түсіндірді жауапты мекеме.
Жаңалықтар
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат