Алматыда Qaznews24 сатиралық парақшасының авторын қолдап жалғыз пикетке шыққан белсенді қамалды
Фото: Видеодан алынған кадр
Сенбі күні кешке танымал Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 174-бап «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша айыпталып отыр. Темірлан Еңсебек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қалалық полицияның тергеу басқармасы әлеуметтік желіде жазба жариялау арқылы ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Осы жағдайдан кейін журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шықты.
Руслан Бикетов қолына қағаз плакат ұстап бес минут тұрды. Кейін журналисті полиция алып кетті. Бикетов Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
19 қаңтар күні ұсталған журналист Руслан Бикетов ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.
Жаңалықтар
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр