Алматыда полиция феминистік іс-шара ұйымдастырғандарды ұстап әкетті

cover Фото: Адам құқықтары бюросы

Алматыда феминистік іс-шара ұйымдастырғандардың басы дауға қалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматыда бір топ әйелдер «Feminita» феминистік ұйымы өткізген адам құқықтарын қорғау тақырыбындағы тренингке келіп шу шығарды. Көп ұзамай ұйымдастырушыларды полицейлер ұстап әкетті.

«Қатарында Бағила Балтабаева бар әйелдер тобы тренинг өтіп жатқан қонақ үйге кіріп, жиналғандарды қандай да бір «заңды бұзды» деп айыптап, іс-шараны тоқтатты. Кейіннен ғимаратқа полицейлер кіріп, Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаеваны ұстап әкетті. «Feminita» феминистік ұйымының екі қатысушысы да Медеу ауданының полиция бөліміне жеткізілді», деп хабарлайды адам құқықтары бюросы.

Айта кетейік, бұл феминистердің алғаш бұзылған іс-шарасы емес. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар