Алматыда полицейлер күшейтілген режимге көшті

cover Фото: ІІМ

Тәртіп сақшылары күшейтілген қызметтік режимде 20 мамырға дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Қызметтің жетілдірілген нұсқасына көшуге 10-20 мамыр аралығында өтетін «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу себеп болды. Оған полиция қызметкерлерінен бөлек Ұлттық ұланның жауынгерлері де қатысады. Күшейтілген тәртіптің өзі Алматыда қала көшелеріндегі патрульдік қызметтердің санын көбейтеді.

«Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Полиция сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, азаматтық қару иелері мен профилактикалық есепте тұрғандар да тексерілуде» деп хабарлады ІІМ.

Сондай-ақ, департаменттің хабарлауынша, полицейлер із-түзсіз жоғалған адамдарды, ұрлықпен айналысқан топтарды және басқа да қылмыскерлерді іздеу жұмыстарын күшейтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар