Алматыда өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдері тарихи жеңіске жетті
Фото: gov.kz
11 қаңтарда Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, могул түрінен фристайлдан ұлттық құрама әр жарыс күні жүлделі орын алып отырды.

Бірінші күні жекелей сында Анастасия Городко 2-орынға ие болды. Келесі күні ол параллель могул жарысында алтын медаль жеңіп алды. Аралас командалық сайыста жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдеге ие болды.
«Фристайл акробатика түрінен жекелей жарыстар ел үшін тарихи нәтиже әкелді. Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, ерлер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 104,52 ұпай жинап, екі қытайлық спортшыны (Ю Юнхен және Янг Жичэн) басып озды. Әйелдер жарысы бойынша барлық медальдарды Қытай спортшылары жеңіп алды» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ әлем чемпионатының соңғы күнінде командалық есепте Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орынға, ал Қазақстан-1 командасы (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-орынға ие болғаны хабарланды.

Жалпы есепте Қазақстан могул және акробатика құрамасы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алып, Қытай құрамасынан кейін екінші орынға ие болды (екі алтын, үш күміс, екі қола). Үздік үштікті (екі алтын, бір қола) жапон құрамасы жапты.
Бұған дейін Дінмұхаммед Райымқұловтың фристайл акробатикасынан Қазақстанға алтын медаль әкелгені хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды