Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты

cover Коллаж Orda.kz

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 30 жылдық тәжірибесі бар ұстазды «орыс тілінде сөйлемеді» деген себеппен жұмыстан шығаруға қатысты сот ісі аяқталып, ұстаздың әділетсіз жұмыстан шығарылғаны дәлелденді, деп хабарлады Orda.kz.

Алматыдағы Aлатау ауданындық сотында өткен азаматтық істе заңгер Мейірман Шекеев мұғалімнің құқығын қорғап шықты. 

«Еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп танып, жұмыссыз жүрген уақыты үшін  еңбекақы өндіру жөнінде қойған талабымыз қанағаттандырылып, 2 200 000 теңге өндіріп беру туралы сот үкімі шықты. Сонымен қатар, қайтадан жұмысқа орналастыру керек екені де айтылды», — деді Шекеев.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Rich School жекеменшік мектебінде жұмыс істеген 30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өзін «орыс тілінде сөйлемеді» деген себеппен заңсыз жұмыстан шығарғанын айтқан еді. Жалғызбасты ана төрт айдан бері жұмыссыз қалып, мектеп басшылығымен соттасып жүргенін әрі жұмыссыз отырғанын жеткізгенін жазғанбыз. Толығырақ оқиғаның мән-жайын мына материалдан оқи аласыз. 

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар