Алматыда "Мечта" тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды
видео скрині
Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысанды бұзуға арналған соттың тергеу жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді.
Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайда орналасқан "Мечта" тұрғын үй кешенін салу кезінде заң бұзылған, атап айтқанда тексеру кезінде екі нүктеге рұқсат беру құжаттарының болмағаны және бүкіл нысан бойынша жобадан көптеген ауытқу анықталған.
Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскесінде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет бере отырып, пәтерлер сатуды жоспарлаған.
Бұған дейін басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.
2022 жылдың 1 тамызы күнгі тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамады.
2022 жылдың 19 қазанында Медеу аудандық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз жолданды, соңынан ұзақ мерзімге созылған сот талқылаулары жүргізілді.
2023 жылдың 20 шілдеде Алматы сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылды.
2024 жылы 30 қаңтарда жоғарғы соттың қаулысымен Алматы сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі нысанды бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды