Алматыда курьер тұрғын үй кешенінің күзетшісін ұрып кетті
Фото: Pixabay.com
Алматыда курьер аулаға рұқсатсыз кіргені үшін ескерту жасаған күзетшіні бетінен екі рет ұрып жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 3 қараша күні «Керемет» ықшамауданында болды. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам аулада балалар ойнап жүргеніне қарамастан, кіруге тыйым салынған жолмен кіріп кеткен. Әйел оған ескерту жасап, мопедінің нөмірін суретке түсірмек болған сәтте, курьер оны екі рет бетінен ұрған.
Соққыдан әйелдің қасы жарылып, ол медициналық көмекке жүгінген. Кейін анықталғандай, шабуыл жасаған ер адам жалған құжатпен жұмыс істеген, ал мопед басқа адамның атына тіркелген екен.
Полицияның мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
«Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл факті бойынша қылмыстық кодексінің 108-бабы “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәлі адам заң аясында жауапқа тартылады», деп мәлімдеді полиция.
Айта кетейік, бүгін Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға аттанды.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды