Алматыда Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің келіссөздері өтті
Orda.kz
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Андрей Белоусовты жаңа қызметке тағайындалуымен және осы қызметтегі Қазақстанға алғашқы сапарымен құттықтады. Белоусов ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі отырысына қатысады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Кездесу барысында тараптар кадр даярлау және бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды: Қазақстан 2024 жылы ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға, ал Ресей ТМД-ға төрағалық етеді.
Жақсылықов Белоусовпен «Бірлестік» оқу-жаттығуын шілде айында Батыс Қазақстанда өткізу жоспарымен бөлісті. Бұл жаттығуларға Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – қарулы қақтығысты оқшаулау және заңсыз топтарға қарсы тұру бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау.
Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын жалғастырудың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды