Алматыда кәсіпкерлерді бопсалап жүрген «Айшуақ-Жантүгел» ҰҚТ мүшелері ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Ұйымдасқан топтың криминалдық қызметі туралы дәлелдемелерді жинау арқылы қылмыстық топтардың белсенділері мен жетекшілерін қоғамнан оқшаулау жөнінде кешенді шаралар қабылданып жатыр. Жылдың басынан бері қылмыстық топ құру, оны басқару және қатысу жөнінде 15 дерек табылды. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам белсенділері мен жетекшілері ұсталды. 7 ақпанда ҰҚК мен ІІМ қызметкерлі Алматыда «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты ұстады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ, басқа да суық қару табылды. Топ мүшелері өздерін криминалдық қамқорлықтарын кәсіпкерлерге көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны белгілі болды. Олар Алматының теміржол вокзалында және базарларда өздерінің ықпалдарын жүргізген.
«Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады», - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Дәл осы күні полиция күшімен Ақмола облысы, Степногорск қаласында осыған ұқсас қылмыстық топ ұсталды. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы жергілікті тұрғындарды бопсалаумен айналысқан криминалдық топтардың жолы кесілді.
«Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталды. Оларды уақытша ұстау изоляторына қамадық. Бұған қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау деректері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген деректер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды», - деді Қуандық Алпыс.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды