Алматыда қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда сот қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері Кенжебай Жұмабеков пен Дәурен Есімбековті «азаптау» қылмысы бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот оларды алдын ала сөз байласу арқылы және бірнеше рет азаптау (ҚК 141-1-бабы 2-бөлігінің «а, б» тармақтары) қылмысы үшін кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен Жұмабеков 6 жылға, ал Есімбеков 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуіне де үш жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Істегі жәбірленушілердің нақты саны ҚПК-нің 29-бабына сәйкес жарияланбай отыр.
Сотталғандар атышулы «Қожамжаровтың» адамдарына қатысты іске байланысты. Бұл — бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айналасында болған шенеуніктер. Соңғы айларда олардың біразына қатысты қылмыстық істер қозғалды.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель және бұрынғы қаржы полициясының агенті Талғат Махатов тергеліп жатыр. Махатов бұған дейін «Қорғас ісі» бойынша басты куәгер Медет Жамашевті өлтіру үшін қастандық ұйымдастырғаны үшін ұзақ мерзімге сотталған.
Ал 23 қыркүйекте оның бұрынғы орынбасары Мақсат Дүйсеновтің Германияда ұсталғаны белгілі болды. Қайрат Қожамжаровтың серігі — бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсенов Германиядан саяси баспана сұраған. Неміс билігі мардымды дерек берудің орнына істің құпия екенін алға тартады. Дегенмен Orda.kz-ке Мақсат Дүйсеновтің қолында Қазақстандағы беделді тұлғаларға әсер ететін деректер болуы мүмкін деген ақпарат түсті.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды