Алматыда хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты
Алматыда ірі өрт шығып, 13 адам қаза тапты.
Өрт туралы хабар Әди Шәріпов көшесінен түсті. Үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі өртенді. Өрттің жалпы ауданы болжам бойынша 30 ш.м.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға орнынан 13 мәйіт табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.
Бұған дейін жатақханада 72 адам болса, 59 адам эвакуацияланған.
Өрттің шығу себебі мен өлім себептері анықталуда.
Алматыда құтқарушылар өрт орнынан 59 адамды эвакуациялады, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді.
«30 қараша күні сағат 08:40-тағы жағдай бойынша 59 адам эвакуацияланды, олардың үшеуі 08:40-та жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді» деп хабарлады әкімдік.
56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды.
«Оларға ыстық тамақ беріліп, қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бір сағат ішінде эвакуацияланғандар аудандағы қонақ үйлерге орналастырылады» деп қосты қала билігі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама 30 қараша күні сағат 05:33-те түскен. Үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі өртенді. Бұл жатақхана орналасқан жер. Өрт 30 шаршы метр аумақты алды.
«Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жеті минутта жетті. Өрт 06:22-де сөндірілді»
Өртті сөндіру барысында 13 адамның мәйіті табылды. Олардың жеке басы қазірдің өзінде анықталған. Алдын ала болжам бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.
«Бұрын жатақханада 72 адам болған. Өртті сөндіруге 46 адам мен 13 техника жұмылдырылды» деп толықтырды ТЖД.
Төтенше жағдайдың себебі әлі белгісіз.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты