Алматыда Гүлмира Сатыбалдының соты басталды

cover Фото: видеодан кадр

Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды. 

Судья Мартбек Кәкімжанов сотталушы Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты (сонымен қатар сотталушы) және қорғаушыларды суретке және видеоға түсіруге тыйым салды. 

Гүлмира Сатыбалдыға қандай айып тағылып отыр?

Сатыбалдының бұрынғы әйелі кәсіпкерді заңсыз түрмеге отырғызды, аса ірі көлемде ақша бопсалады және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық жасады деп айыпталып жатыр. 

Гүлмира Сатыбалды рейдерлік шабуыл жасады деген күдікпен 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. 

Өткен маусымда Гүлмира Сатыбалды жылу жүйелерін салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сол жылдың мамыр айында Астана соты кәсіпкер Тұрсын Алагөзовті кәсіпорындағы үлесінен бас тартуға мәжбүрлегені үшін оны жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар