Алматыда ерлі-зайыптылар есірткі өндірді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлады Orda.kz ішкі істер министірлігіне сілтеме жасап.
Олар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан пәтерін есірткі өндірісі орнына айналдырған. Мұнда ерлі-зайыптылардың синтетикалық есірткі затын өндіріп, сауда үшін қаптамаға салып отырғаны белгілі болды.
«Күдіктілер үйдің жанында ұсталды. ҰҚКД қызметкерлері ұсталғандардан кристалданған затты, ақ түсті шөгінділері бар шыны ыдысты және ақша тапқан. Ал олардың үйін тінту кезінде зертханалық жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да құралдар табылды және тәркіленді», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон есірткісі болып шықты. Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы