Алматыда екі үйді лай көшкіні басты: төрт адам іздестіріліп жатыр

cover

8 ақпанда сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал ықшамауданында лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй бүлінді. Алдын ала ақпарат бойынша, үйдің ішінде төрт адам болған, екеуі – бала. Құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр. 

Оқиға орнында «Қазселденқорғау», Алматы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері,  «109 құтқару қызметі» республикалық жедел-құтқару жасағы, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

«Жақын маңдағы үйдің тұрғындары №47 орта мектепке эвакуацияланды. Тұрғындар өз еркімен туыстарының үйіне кетті. Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендер іздестіріліп» деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар