Алматыда Digital Almaty форумы басталды
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан, Беларусь, Ресей және Өзбекстан үкімет басшылары жыл сайынғы «Digital Almaty» форумы аясында цифрлық жобалар көрмесін аралады, деп хабарлайды Orda.kz.
Шарада 300-ден астам қазақстандық және халықаралық IT-компаниялардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың цифрлық жобалары көрсетілді.
Яндекс компаниясының өкілі Даниил Шулейко Қазақстанда адамдар мен бизнеске арналған 10-нан астам қызмет түрі жұмыс істейтінімен бөлісті.
Біз қызметтерімізді барлығына қолжетімді етуге тырысамыз. 2023 жылы қазақ тілінде «Карталарды», «Алиса» қызметін мобильді браузер мен қосымшада қазақ тілінде, Яндекс браузерінде бейнелерді қазақ тіліне аударуды, сонымен қатар қазақ тілінде табылатын жылдам жауаптар жасадық. Осының барлығы біздің қазақстандық қолданушылар үшін ақпаратты қолжетімді әрі ыңғайлы етіп, мемлекеттік тілді таратуға септігін тигізеді», – дейді ол.
Сонымен қатар үкімет басшылары:
• Еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде бірыңғай стандарттарды сақтауды қамтамасыз ететін Qaztech платформасы;
• Алматы қаласының цифрлық қызметтері;
• пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия алу процесін жеңілдетеді және жеделдететін жер қойнауын пайдаланушыларға арналған Minerals.gov.kz платформасы;
• Қазақстанда іске қосылған өнеркәсіптік роботтандыру бойынша Орталық Азиядағы бірінші құзырет орталығының қызметі таныстырылды.
Бұған дейін Orda.kz қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллект арқылы алуға болатынын жазған.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы