Алматыда басына оқ тиген ер адамның денесі табылды

cover Фото: Pexels

Алматыда басына оқ тиген ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Orda.kz.

«NewTimes.kz» сайтының жазуынша, оқиға Нұрлытау шағынауданында тұрған автокөлік ішінде болған.

Қазіргі уақытта полиция бұл жағдайды өз-өзіне қол салу ретінде қарастырып жатыр.

«Өз-өзіне қол салуға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталуда», деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар