Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
Фото: Бейнеден кадр
Алматыда Минин мен Марков көшелерінің қиылысында күндізгі уақытта үлкен ағаш өздігінен құлап түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 22 наурызда болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Коммуналдық желілерге де зақым келмеген.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл ағаш апатты деп танылып, 2026 жылы кесуге жоспарланған тізімге енген. Бұған дейін Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысы бойынша ағаштарды кесу үшін мердігер ұйымды анықтауға конкурс рәсімдері жүргізілген.
Ағаштың құлауы бойынша Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 109 қызметіне өтінім жолданған. Бостандық ауданы әкімінің аппаратының тапсырмасы бойынша мердігер ұйым құлаған ағашты жедел түрде тазалады.
Қазіргі уақытта жол және жаяу жүргіншілер аймағы толық тазартылып, қозғалыс қалпына келтірілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр