Алматыда 7 жасар қызды қорлаған 19 жастағы жігіт ұсталды

cover

Оқиға 21 сәуір сағат 13.00-де қаланың Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.  

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– 7 жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Оның артынан ер адам кіріп, баспалдақпен көтеріліп бара жатқан баланы қолына көтеріп, төмен қарай алып түскен. Содан кейін белгісіз адам кішкентай қызбен бірге кіреберістің бұрышына қарай кеткен, сол ара бейнекамераның көрінісіне енбейді. Сол жерде оның қызды шешіндіріп, қолын тигізе бастағаны анықталды.

Бала қашып үлгерді. Ол үйіне жүгіріп барып, болған жағдай туралы анасына айтқан. Анасы бұны ести сала құзырлы мекемелерге жүгінді. Оның осы әрекетінің арқасында қылмыстың «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік туды, - деп хабарлады, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдрахманов.

Күдікті қамауға алынды. Ол 2002 жылы туған Ф. есімді азамат. Сол ауданда тұратын ұсталған ер адамның ақыл-есі кем ретінде есепте тұрғаны анықталды.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 124 бабы, 1 бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар