Алматыда 6 жасар баланы сабаған қоғамдық кеңестің мүшесі қашып кетті
Фото: Pexels
4 мамыр күні Алматыдағы мейрамханалардың біріндегі ойын бөлмесінде ер адам 6 жастағы баланы ұрып-соқты. Кейінірек бұл азаматтың Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі екені белгілі болды. Оқиғадан кейін ол қашып кеткен, ал бірнеше рет шақыртылған полиция оқиға орнына келмеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Баланың анасы ақыры бөлімшеге өзі барып, арыз жазған. Дәрігерлер баланың кеудесінен соққы алғанын (соғылғанын) анықтаған. Қолда бар бейнежазба мен куәгерлерге қарамастан, Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушісі Ислам Қожахметов қылмыстық істі тоқтатып, бұл туралы жәбірленуші тарап пен олардың адвокаттарына хабар бермеді.
Баланың анасы ойын бөлмесіне жүгіріп кіргенде, дереу полиция шақырған, ер адам мейрамханадан қашып кеткен. Полицейлер 7 рет қоңырау шалып, үш сағат күтсе де, оқиға орнына аттап баспапты. Баланың отбасы полицияға өздері барып, арыз жазуға мәжбүр болған. Ауруханада балаға «кеуде қуысының контузиясы» деген диагноз қойылды.
Бұл мәселе жайлы балалар құқығы жөніндегі Алматы қаласындағы омбудсмен пікір жазды.
«Алматыдағы 6 жасар баланы ұрған жағдайға қатысты құқықтық баға беру үшін іс прокуратураға жолданды. Анасына және баланың адвокатына хабарластық. Оқиғадан соң балаға дереу психологиялық көмек ұсынылды», — деді Диана Ерлан.
Жаңалықтар
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты