Алматыда 3 науқас психиатриялық ауруханадан қашып кетті
Коллаж: Orda.kz
Алматыда психикалық ауытқуы бар үш қазақстандық іздестіріліп жатыр. Олар Алматының психиатриялық ауруханасынан қашып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың екеуі психологиялық денсаулық орталығынан қашса, үшіншісі полиция бөлімінде із суытқан. Еріктілер іздеудегі адамдардың суретін жариялап, олар туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, хабарласуын сұрайды.
Денис Антипиннің бойы — 180 см, шашы қара ақшыл, көздері қоңыр, сол көзінің жанында мең бар. Ал Павел Лавровтың бойы — 157 см, орташа дене бітімді, шашы қара, көздері қоңыр, білегінде тыртықтар бар. Елисей Балакиннің бойы — 176 см. Ол арық дене бітімді, қысқа қара шашты, көздері қоңыр.
Денис Антипин мен Павел Лавров маусым айының басынан бері іздестіріліп жатыр. Ал Елисей Балакин 25 мамыр күні жоғалған.
Айта кетейік, сәуір айында Қаскелеңде бала зорлады деп айыпталған ер адам сот ғимаратынан қашып кетіп, ұсталған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?