Алматы тауларында құтқарушыларға арналған капсулалық үйлер салынды
Фото: ҚР ТЖМ
Үлкен Алматы шатқалында, Күмбелсу жоғары таулы гидропостында құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі үшін капсулалық үй орнатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл бақылау гидропосттарының модульдері алғаш рет қолданылып отыр. Мұнда бірден екі капсулалық үй Күмбелсу (Үлкен Алматы өзені) мен Батанда (Түрген өзені) орнатылды. Бұл үйлер шамамен теңіз деңгейінен 2 000 метр биіктікте орналасқан таулы аймақтарда жұмыс істеуге арнайы жасалған.
«Бұл аудандардағы жағдайлар тасқындар мен сел қаупін үнемі бақылап отыруды талап етеді. Бұған дейін осындай алыс және қол жетуі қиын жерлерде кезекшілік ету оңай болмайтын, алайда автономды модульдер орнатудың арқасында енді үздіксіз бақылау жүргізуге болады. Сонымен қатар бақылау посттары аумағында жас ағаш көшеттері отырғызылды» деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрі тауда төтенше жағдайларға жедел ден қою және зардап шеккен туристерге көмек көрсету үшін ТЖМ-нің қосымша бақылау-құтқару пунктін құруды тапсырды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды