Алматы тұрғындарына жалған доллар сатылды

cover

Алматыда жалған доллар жасауға «мамандандырылған» контрафактілер сотталды, деп хабарлады Orda.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізгені хабарланды. Тергеу барысында қылмыстық топтың жалған долларларды сақтау және сатумен айналысқаны анықталды.

– 2020 жылдың тамызында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды. Олар Алматы қаласында 100 доллардан 42 дана жалпы сомасы 4200 доллар сатқан.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің «Жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды өндіру, сақтау, жылжыту немесе сату» бабы бойынша кінәлі деп танылып, әр түрлі мерзімге 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылды, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар