Алматы студенттеріне жатақханада қалуға рұқсат етілді

cover

Алматыда үйден, қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ студенттерге жатақханада қалуға рұқсат етілді. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бірінші курс студенттерін жатақханада тұрмай, қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бірақ үйден қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ студенттер, сондай-ақ жатақханадан ешқайда көшпейтіндер де қала алады.

— Егер олардың басқа жерлерде тұруына және оқуға жағдайы болмаса, бұл студенттер жатақханаларда тұра алады. Бірақ барлық санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауы тиіс, - деді Әсел Қалықова.

Ол студенттердің бір бөлігі жатақханадан шығатынын және бұл қалғандарды көп жинамай-ақ қоныстандыру үшін жағдай жасайтынын айтты.

— Қашықтықты сақтау, ажырату, студенттердің өзара қарым – қатынасын қысқарту бізге қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Әсел Қалықова.

Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО-лар ұсынымдар мен тапсырмалар алғанын, оларға сәйкес ауылдық жерлердегі студенттерге, сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін жағдайлары жоқ студенттерге карантиндік шектеулерге қарамастан университеттер мен колледждердің жатақханаларында қалуға рұқсат етілетінін хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар