Алматы соты қаңтар оқиғасының 7 қатысушысына үкім шығарды
Алматы соты жеті азаматқа қатысты үкім шығарды. Оларға 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде билікті басып алуға ықпал етті деген айып тағылды деп хабарлайды Orda.kz.тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының қылмыстық соты 7 айыпталушыға қатысты істі қарады.
«Оларға жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, экстремистік топ құру және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау жолымен билікті басып алуға және ұстап қалуға жәрдемдескені үшін (182-баптың 2-бөлігі, 179-баптың 2-бөлігі) айып тағылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігі) айып тағылды.
Сот анықтағандай, сотталушылар А., К., Т., О., Н. және К 2022 жылы сәуірден қарашаға дейін көптеген кездесулерге қатысып, билікті күшпен басып алуға үгіттеп, жария түрде шақырып, ұйымдастыру мәселелерін талқылаған» деді Алматы соттарының баспасөз қызметі.
Прокурор барлық айыпталушыларды кінәлі деп тануын сұрады. Азамат И.-ға 3 жыл 4 айға, Т. мен А.-ға 15 жылға, қалған төрт айыпталушыға 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.
«Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері арнайы іс-шаралар нәтижелерімен, куәлардың айғақтарымен, хаттамалармен дәлелденді. Сонымен қатар олардан аса ірі көлемдегі қару-жарақ арсеналы, ірі көлемде дайындалған «Молотов коктейльдері», қару ретінде пайдалануға дайындалған арматура және басқа да құралдар табылды. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы И. өкінетінін айтып, қалған сотталушылардың алдында кінәсін мойындады» делінген баспасөз хабарламасында.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ