Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

cover Фото: ЖИ

Бүйрегін сатпақ болған Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны сотталды, деп хабарлайлы Orda.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы қаңтарда Ж. әлеуметтік желіде өз бүйрегін сатуға арналған хабарландыру жариялаған. Хабарландыруға жауап ретінде Көкшетау қаласының тұрғыны заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға жәрдемдескен.

Ақпанда Ж. медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетауға келген, алайда жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Іс Көкшетау қалалық сотында қаралды. Сотта Ж. мұндай әрекетке материалдық қиындықтар мен алимент бойынша берешегін төлеу үшін барғанын айтып, кінәсін мойындаған.

Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 116-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Сот үкімімен Ж.-ға 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар