Jetisy Media 195 мыңға караоке ұйымдастырмақшы болды

cover

Ішкі саясат басқармасына қарасты Jetisy Media белгісіз іс-шараға байланысты екі күнге 195 мың теңгелік караоке жалдамақшы болды. Тапсырыс мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған.

Бұл туралы Orda.kz Nege.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Анықталғандай, «Интернетсіз 7 күн» деген реалити-шоу форматында караоке-конкурс өткізу жоспарланған. Бірақ, тапсырысты кейін өшіріп тастаған.

– Караоке қызметі Алматы облысының тұрғындары арасында іс-шара өткізуге арналды. Жобаның мақсаты – интернеттің күнделікті өмірдегі маңызын төмендету және одан тыс өмір өте қызық және пайдалы екенін көрсету. Бүгінгі ұрпаққа өмірді интернетсіз елестету қиын. Зерттеулерге сәйкес, адамдар ғаламторда, атап айтқанда әлеуметтік желілерде бұрынғыдан да көбірек отыра бастаған. Ұсыныс өшірілгеніне назар аударайық. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара басқа форматта өтеді, – деп хабарлады Jetisy media өкілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар